Жаңалықтар тізбегі
0

Егер үстілеріңдегі шетелдік киімді шешіп алатын болса, жалаңаш отыратын едіңдер - Назарбаев

today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2018 18:58 today.kz
Мемлекет басшысы халық тұтынатын тауарларды өндіретін отандық өндірушілерді қолдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы үкіметке алдағы үш жылда өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау үшін қосымша 500 млрд теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елбасы халыққа Жолдауы барысында, экспортқа бағытталған индустрияландыру экономикалық саясаттың басты элементі болуы керек екенін айтып өтті. Біздің сауда саясатымыз әлсіз болмауы тиіс. Біздің өніміміз аймақтық, әлемдік нарыққа шығатындай белсенді сипатқа ие болу керек.

«Сонымен қатар, кәсіпорындарға халық тұтынатын тауарлардың кең ауқымын меңгеруге көмектесу керек. Қарапайым заттардың экономикасын дамыту қажет, Айналаға қарап көріңдер, не болып жатыр? Беларустық тауар өндірушілер өздерін қалай қорғайды? Сендер оны білесіңдер! Біз жолды жауып тастағанда Қырғызстан не істеді, қалай күресті? Біздікілер үнсіз жүре береді. Ешкіммен сөзге келмейді, өйткені олар басшылық қана бәрін шешуі тиіс деп, соған үйренген. Әркім өз міндетін атқарып, бизнесімізді қорғап, оның басқа нарықтарға өтуін қадағалау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Бұл тек экспорттық әлеует үшін ғана емес, сондай-ақ ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету үшін де маңызды.

«Халық тұтынатын тауарды өндірумен айналысатын уақыт келді. Біз оны ұмытып кеттік. Өздерің қараңдаршы, егер қазір сендердің үстілеріңдегі шетелдік киім-кешекті шешіп алатын болсақ, мына жерде жалаңаш отырасыңдар. Бізде де костюмдер мен көйлектерді шығаруға болады. Өз өнімімізді қолдауымыз керек. Сіздерге көрсеткен болатынмын, мен тек біздің өндірушілеріміздің киімін киемін, олар да сапалы әрі он есеге арзан бағада өндіреді. Қазақстандықтар байып кетіпті. Бағаға қарамайтын болған», - деді Назарбаев.

Егер мемлекет неғұрлым тауар импортын азайтса, онда ол мемлекет соғұрлым тәуелсіз бола түседі.

«Ия, біз өз-өзімізді нанмен, етпен, сүтпен, қуат көзімен өқамтамасыз етеміз, Құдайға шүкір, ешкімге тәуелді емеспіз, бірақ басқа тауарларды да бірте-бірте қосу керек, бұған Экономика министрлігінен біреу жауапты болуы тиіс. Біз жыл сайын санын азайтамыз. Біз - ет өндіретін елміз, бірақ шұжықты шетелден аламыз. Бізде қант жеткіліксіз", - деді президент.

Осы жерде ол биыл қант өндіруден рекордтық деңгейге көтерілуді қалайтын Алматы облысы екенін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: