Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Си Цзиньпиннің сөзін құптады: Егер Қытайда бәрі жақса болса, барлық мемлекетке жайлы болады

Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитеті, Қытай, Қазақстан президенті, саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 15:02 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ван Хунинге ілтипат білдіре отырып, оны Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы арнасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ-қытай қатынастары мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне жетті. Бұл ретте ел басшыларының тұрақты кездесулері елеулі рөл атқарды. Өйткені келіссөздер барысында тату көршілік қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін негіз қаланады.

Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитеті, Қытай, Қазақстан президенті, саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 15:02

Сурет: akorda.kz

Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасының әлеуметтік-экономикалық прогресіне және Қытай басшысы жүргізіп отырған тиімді саясаттың нәтижелеріне жоғары баға берді.

"Төраға Си Цзиньпиннің көреген, сарабдал саясатының және оның "Бір белдеу, бір жол" тұжырымдамасының табысты жүзеге асып жатқанына куә болып отырмыз. Біз, әлбетте, Қытайдың жетістіктеріне қуанамыз. Бүгін Төраға Си Цзиньпин форум қатысушыларына "Егер Қытайда бәрі жақса болса, барлық мемлекет пен халықтар үшін де жайлы болады" деген сөз айтты. Мен бұл пікірмен келісемін. Сіздің еліңіз әлемдегі озық әрі жетекші державаға айналуды көздеген асқақ мұратына батыл қадам басып келеді. Төраға Сидің дана басшылығымен ҚХР Қытай елінің жаңа дәуірлеу кезеңінде және "Адамзаттың ортақ тағдыры" концепциясын ілгерілету ісінде бұдан да керемет жетістіктерге жететініне сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ван Хунин қазақ-қытай қатынастарына жоғары баға берді

"Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның қарқынды дамып, тұрмыс деңгейі ұдайы жоғарылап келеді. Бұл – таңғаларлық нәтиже. Бүгін Сіз "Бір белдеу, бір жол" III форумының ашылу рәсімінде өте мазмұнды сөз сөйлеп, ынтымақтастыққа қатысты бірқатар маңызды ұсыныс айттыңыз. "Бір белдеу, бір жол" аясындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылында барлық тараптың ортақ күш-жігерінің арқасында біз зор жетістіктерге қол жеткіздік. Сіз Си Цзиньпин мырзамен ұдайы тығыз байланыста болып, көптеген кездесу өткіздіңіз. Сонымен қатар сіздер қазақ-қытай қатынастарының жаңа "алтын 30 жылдығын" бастап бердіңіздер. Қытай тарапы екі ел басшылары қол жеткізген маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру жолындағы ынтымақтастықты бірлесе ілгерілетуге дайын", – деп сенім білдірді Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында екі елде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар жөнінде айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ван Хунин барлық деңгейдегі белсенді саяси диалогты жалғастыру маңызды екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастың бүкіл бағыты бойынша ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: