Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді құттықтады

Жеделхат, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2022 15:52 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Сіздің басшылығыңызбен еліңіз бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін, деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, 23 қазанда 20-шы шақырылымдағы ҚКП Орталық комитетінің бірінші пленумы өтті, онда саяси бюро мен оның тұрақты комитетінің құрамы жаңадан бекітілді. Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті (ҚКП Орталық Комитеті) Си Цзиньпинді үшінші мәрте Бас хатшы етіп қайта сайлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: