Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы: Құр диплом кімге керек?

bilimdar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2018 19:04 bilimdar.kz
Студент оқуын тәмамдап, жалақысы жоғары дұрыс жұмысқа орналасса, университеттің жұмысына оң баға беріледі - Елбасы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында құр диплом беріп, сапасыз мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындарын қысқарту тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жоғары оқу орындарына қойылатын талап күшейеді. Мемлекеттік гранттардың санын өсірдік. Енді жауапкершілікті арттыратын кез келді. Енді жоғары оқу орнының жұмысына қойылатын басты критерий – студенттің университеттегі оқуды бітіргеннен кейін жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы болады», - деді.

Президенттің айтуынша, жаңа талап бойынша егер студент оқуын тәмамдап, жалақысы жоғары дұрыс жұмысқа орналасса, университеттің жұмысына оң баға беріледі.

«Олай болмаса, университет ары қарай жұмыс істемейді. Демек, ол кадрларды сапасыз дайындайды деген сөз. Біз министрмен бұл мәселе жөнінде сөйлескеміз. Енді осындай критерийді қоямыз», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев сапасыз мамандарды дайындайтын университеттер туралы ақпарат халыққа ашық айтылуы қажет екенін атап өтті.

«Қанша студент жұмысқа тұра алмады? Олар қандай университеттерді бітірді? Оны ашық айту керек. Теледидардан көрсетіп, баспа арқылы жариялау керек. Сондықтан университтердің ірілендіру бойынша жұмыс жүргізу қажет. Қазақстанда 130-дан астам университет бар. Олардың саны 200 болған. Қазір олардың саны азайды. Мен университеттерде білім алуға қарсы емеспін. Кім білім алғысы келсе, сол оқысын», - деді президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы университеттерде жемқорлық деректері бар екенін ашық жеткізді.

«Ешкім керек емес мамандарды даярлаудың не қажеті бар? Құр диплом кімге керек? Мұнда жемқорлық деректері бар. Тек құжат қана беріледі. Нарықта тек сапалы білім беретін университеттер қалуы керек», - деп түйіндеді сөзін Назарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: