Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Ли Чжаньшумен кездесті

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2019 21:36 Ақорда
Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың парламентаралық ынтымақтастығы жайы талқыланды. Екі тарапта аталмыш қарым-қатынастың жұмысын оң бағалады.

Мемлекет басшысы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың парламентаралық ынтымақтастығы жайы талқыланды. Екі тарапта аталмыш қарым-қатынастың жұмысын оң бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжаньшуды ҚХР-дың 70 жылдық мерекесімен құттықтап, Қытайға мемлекеттік сапары барысында жасалған өзара тиімді уағдаластықтар жөнінде айтты.

– Кешегі келіссөздер сәтті өтті. Қытай Қазақстанның үлкен көршісі. Сондықтан біз екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастығымызды ескере отырып, Төраға Си Цзиньпинмен Бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Онда біздің әріптестігіміз стратегиялық және ұзақ мерзімді мәнге ие екені көрсетілген. Бұл сапарымның қорытындыларына қанағаттануға барлық негіз бар,– деді Президент.

Мемлекет басшысы екі елдің парламентаралық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту перспективалары туралы айта келіп, осы жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия парламенттері спикерлері IV кеңесінің маңыздылығын да атап өтті.

– Сіздің Қазақстанға үш рет келгеніңізді білемін. Жақын арада сіз Қазақстанға қайта барасыз. Бірақ бұл сапарыңыз Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің Төрағасы ретінде болатындықтан, оның жөні де бөлек болмақ. Біз сіздің сапарыңызды зор ықыласпен күтеміз,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ли Чжаньшу Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оның Си Цзиньпинмен келіссөздерінің нәтижелі өткеніне тоқталды.

– Кеше Сіз бен Төраға Си Цзиньпиннің арасында сенімді әрі жемісті келіссөздер болды. Кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті. Соның нәтижесінде Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Онда екі көшбасшы да тараптар стратегиялық әріптестікті дамытады деп мәлімдеді. Осылайша, сіздің Қытайға сапарыңыз үлкен жетістікпен аяқталды. Ал Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы жаңа тарихи кезеңге өтті,– деді Ли Чжаньшу.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: