Головкин бокстан қашан кететінін айтты
Sputniknews.kz
Спортшының айтуынша, рингке шығу үшін қандай да бір жас шектеуі жоқ.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Боксшының айтуынша, бокс – аса қауіпті спорт түрі, бір ғана соққыдан өміріңмен қош айтысуың ғажап емес.
"Жауап беру қиын екен. Меніңше, белгілі бір жасқа дейін ғана жұдырықтасу керек деген ұғым жоқ. Мүмкіндік болса, ниет болса, жалғастыра береміз", — деп мәлімдеді Геннадий Головкин Алматыдағы баспасөз мәслихатында.
Орта салмақтағы экс-чемпион келесі қарсыласы туралы тіс жармағанды жөн көрді.
"Олар көп, әлі қарастырамыз. Қарсыластар туралы сөз қозғап, келесі кім, жекпе-жек қашан және қайда өтеді деген әңгімелерден біраз оқшауланып кеттім. Бәрі алда, бірақ қазір емес, кейінірек", — деп спортшы ойымен бөлісті.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте жеңілген болатын. Кейінірек Головкиннің Қазақстанға келгені мәлім болды. Ол туған қаласы Қарағандыдағы спорт кешеніне барып, Астанада өткен "Барыс" – ЦСКА матчын тамашалады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript