Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы Жолдауы – еліміздің жарқын болашағының жоспары

baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2018 02:32 baq.kz
Елбасының бұл ұсынысы өңіріміздің кәсіпкерлігін дамытуда үлкен серпін береді деп ойлаймын - Абеева Сагымбала Хасенова.

Елбасы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналып отыр. Жолдау барысында "халқымыз бақуатты өмір сүруі, еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты", - деді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Елбасы Үкіметке бюджеттің жұмсалу ретін қарастырып, әлеуметтік және инфрақұрылымға басымдылық беруді тапсырды. Алдағы 5 жыл ішінде білім беру мен денсаулық сақтау секторларын қаржыландыру көлемі ұлғаяды. Жолдауда білім және ғылым министрлігі мен жергілікті әкімшіліктерге бірге жол картасын жасау тапсырылды. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанда азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, балалар тауары және медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша комитет құруды ұсынды. Және де 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы мөлшері 1,5 есе, 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өсетін болды. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің жалақысын көтеру мақсатына 2019-2020 жылдарға жыл сайын 96 млрд.теңге бөлінетінін хабардар етті. Бұл әлеуметтік-демографиялық жағдайымыздың жақсаруына септігін тигізері анық.

"Келесі жылы "Педагогтардың мәртебесі" туралы Заң қабылдау керек деп есептеймін. Ол заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетіктерді қарастыруы керек. Жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексерістерден арылту керек. Тыңдаңыздар, мұғалімдерге бүгінгі таңда барлық жұмыс жүктеле береді. Сайлауды өткізетін - мұғалімдер, үгіт-насихатты жүргізетін - мұғалімдер, бір шаруаны атқару керек болса - мұғалімдер... Ол үшін ешкім де оларға ақша төлеп жатқан жоқ. Оларды бұл жүктемеден арылту керек. Олар сабаққа дайындалып, тиісті уақытында жұмыс істеуі керек. Тынымсыз тексерістер де бітпейді. Міне, заң осыларды тоқтату үшін керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ел болашағы үшін жұмыс атқарып жатқан ұстаздарымыз білім берудің жаңа сапасына көшетінін, кәсіби даму тұрғысынан жаңа белеске көтерілетінін атап айтты. Ел болашағы – білімді ұрпақ қолында демекші, білім саласындағы өзгерістер оң нәтиже бермек. Сондықтан, мектепке дейінгі білім беруде талап күшейтіліп, біліктілік талаптарын, оқыту әдіснамасын, тәрбиешілер мен балабақшадағы өзге де қызметкерлердің еңбекақы жүйесін қайта қарап шығуды тиісті орындарға тапсырды. Орта білім беру ұйымдары Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту әдістемесіне бірыңғай көшуі керек. Бұл мектеп реформаларының соңғысы болуы қажет. Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып тиісті Жол картасын әзірлейді. Президент мектеп тапшылығы мен үш аусымды мектеп мәселесін шешу үшін қосымша қаражат бөлуді тапсырды. Сондықтан 2019-2021 жылдары осы мақсатқа қосымша 50 миллиард теңге бөлінетін болды.

Бәсекеге қабілетті болу үшін білікті мамандарды даярлау ЖОО-дарына үлкен жауапкершілік артады. Осы мәселеге қатысты "Нарықта тек жоғары білім бере алатын ЖОО-дар қалуы керек. Жаһандық университеттермен ынтымақтастықты жалғастырып, Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша әлемнің үздік топ-менеджерлерін тарту керек", - деді Президент.

Президент "Жол картасы-2020" бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту қажеттігін айтты. Оны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша 30 млрд. теңге қарастырылатын болды. Елбасының бұл ұсынысы өңіріміздің кәсіпкерлігін дамытуда үлкен серпін береді деп ойлаймын.

Жолдауда айтылған міндеттерді орындау ел болашағын жарқын етеріне сенімім мол.

Целиноград аудандық мәслихат депутаты, №3 Талапкер орта мектебінің директоры: Абеева Сагымбала Хасенова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: