Жаңалықтар тізбегі
0

8 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда заңсыз тұрған

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2018 20:16 ҚазАқпарат
Учаскелік полицейлер гараждар мен саяжай аумақтарын, бос қалған ғимараттар мен құрылыс нысандарын, жылу трассалары мен құдықтарды тексеруде.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстан аумағында заңсыз тұрып келген 8 мыңнан астам шетелдік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, учаскелік полиция инспекторларының халықпен жұмысын жақсарту мақсатында 5 қыркүйектен бастап еліміз аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында учаскелік полицейлер пәтерлер мен аулаларды аралап, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтауда. Сондай-ақ азаматтық қаруды сақтау талаптарының орындалуы мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдар тексерілуде.

Сонымен қатар өндіріс объектілері, ұйымдар мен мекемелер бақылауға алынды.

Учаскелік полицейлер гараждар мен саяжай аумақтарын, бос қалған ғимараттар мен құрылыс нысандарын, жылу трассалары мен құдықтарды тексеруде.

«Учаске» операциясы барысында 1 миллионнан астам тұрғын үй мен саяжай тексерілді. Аталған шара барысында 89 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 8 мыңнан астамы - тіркеусіз тұру фактісі, 9,7 мыңнан астамы шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзуы. Үш жүзге жуық шетелдік сот шешімі бойынша елден шығарылды», - делінген ІІМ хабарламасында. «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: