Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Жолдауын орындау мақсатында Үкімет жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын қабылдады

e-kyzylorda.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2018 16:35 e-kyzylorda.gov.kz
Жалпыұлттық жоспарды іске асырудың алты түйіні бойынша 100 іс-шара көзделген.

Бүгін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкіметке Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жалпыұлттық жоспарды іске асырудың алты түйіні бойынша 100 іс-шара көзделген.

«Халық табысының өсуі атты бірінші міндет шеңберінде 24 іс-шара көзделіп отыр. Олар жалақының өсуі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысын арттыруға бағытталады. Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен көтеріледі. Бюджет саласының жұмыскерлерінің жекелеген санаттарының жалақысы ұлғайтылады. Табиғи монополиялар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнама жетілдіретін болады. «Бизнестің Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы жыл сайын кемінде 30 млрд теңгемен қоса қаржыландыра отырып, 2025 жылға дейін ұзартылады», - деді Ұлттық экономика министрі.

Сүлейменов үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге қанша қаржы бөлінетінін айтты

Жолдауда айтылған тұрмыс сапасын арттыру деген екінші міндеттің шеңберінде әлеуметтік секторға және қауіпсіздікке баса назар аударумен бюджет шарасын қайта қарауға бағытталған 22 шара көзделген.

«Білім беру саласында оқушыларға орын тапшылығын жою үшін және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін келесі жылы қосымша 50 млрд теңге қаржыландырумен өңірлерде мектеп құрылысы басталады. Мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйымдар жұмыскерлерін ынталандыру үшін келесі жылы «Педагогтар мәртебесі туралы» заң әзірленетін болады. Денсаулық сақтау саласында осы жылы Астанада ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының құрылысы басталады», - деді Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрі медицина қызметтерінің сапасын артыру үшін 2019 жылы 1 қаңтардан бастап емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге көшетінін атап өтті.

«Осы шаралардың барлығы халықтың сапасын арттыруды қамтамасыз ету үшін негіз болады», - деді ол.

Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру деген үшінші міндеттің шеңберінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға елдің кез келген елдімекендерінде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруге бағытталған 22 іс-шара көзделген.

«Болашақта елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжам схемасы жаңа форматта әзірленіп қабылданатын болады. Бұл еліміздің басқарылатын урбанизациясының жаңа картасына айналады. Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының нақты іс-шараларын, жобаларын қаржыландыруды көрсете отырып, келесі жылдың қараша айында қабылданатын болады. Практикалық шараларды іске асыру үшін «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының мерзімдері 2025 жылға дейін ұзартылады», - деді Сүлейменов.

Министр құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі жақсарту және азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматын қоғамдық қауіпсіздікті мониторингілеу жүйелерімен қамтамасыз етуді көздейтін Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасы қабылданатын айтты. Соттардың жұмыс істеуінің заманауи форматын және озық электронды сервистерді енгізу артық сот рәсімдерін қысқарту арқылы сот жүйесін жаңғырту одан әрі жалғасатын болады.

Ал азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік ақпарат атты төртінші міндет шеңберінде 19 іс-шара көзделген.

«Мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін адамдарға түсіндіруді көздейтін «Жаңа формацияның басшысы» мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады. Басшы лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерді арнайы қайта даярлау курстарына, жеке сектордың үздік жеке компанияларға жұмыс тәжірибесі бар және білікті жетекші университеттерінде білім алған мамандар тартылатын болады», - деді Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ, ол еңбекақы төлеудің жаңа моделіне көшу үшін бюджеттік шығыстарды, оның ішінде ведомстволық бағынышты ұйымдардың шығыстарын оңтайландыру мен үнемдеуді бақылау қамтамасыз етілетінін айтты.

«Тиімді сыртқы саясат деген бесінші міндет шеңберінде сыртқы саясатты қазіргі жағдайларға бейімдеу және ұлттық мүддені прагматизм қайраттарында ілгерілету бойынша шаралар қабылданатын болады. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі үдерістеріне атсалысу алтыншы міндет шеңберінде 6 іс-шара көзделген. Атап айтқанда, жаңа мазмұнды және бағыттарды көздейтін «Рухани жаңғыру» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ағымдағы жылы жастардың барлық санатын қолдау шараларын көздейтін Жастар жылын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Әскери-патриоттық тәрбие рөлін күшейту үшін «Сарбаз балалар-жасөспірімдер» бірлестігі құрылады. Жалпы алғанда, жалпыұлттық жоспарды уақытылы орындау Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жасқартуға бағытталған Жолдауында берген тапсырмаларын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге және әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізін қалауға мүмкіндік береді», - деп сөзін түйіндеді ол.

Жалпұлттық жоспар таныстырылған соң Үкімет мүшелері жарлыққа қол қойды.

«Осы жарлыққа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары, өңір әкімдері жалпыұлттық жоспар бойынша іс-шаралардың іске асырылуын жеке бақылауға алып, оның уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ететін болсын. ҰЭМ Мемлекет басшысының жарлығының жобасын Президент әкімшілігіне 12 қазанға дейін өткізуді қамтамасыз ететін болсын», - деп тапсырды ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: