Жаңалықтар тізбегі
0

Ирактың ең сұлу аруын "батыстық өмір салты" үшін атып өлтірді

today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2018 15:16 today.kz
"Бағдад аруы – 2014" сұлулық байқауының жеңімпазын "батыстық өмір салты" үшін атып өлтірді.

Ирак моделі Тара Фаресті Бағдадтағы діни радикалдар атып өлтірді, қастандық жасалған сәт бақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Көпшілік "Ирак Барбиі" деп атап кеткен модельді Porsche көлігінде атып кеткен. Кадрларда көрінгендей, қылмыскер мотоциклге мініп келді де, оқ атты.

The Sun басылымы жазғандай, 22 жастағы қыз "батыстық өмір салтын" ұстанатындықтан, радикал исламистер бұрыннан тісін қайрап жүрген еді. Ажалынан біраз күн бұрын фанаттарына біреулердің "Құдай үшін" өлтіріп кетуінен қорқатынын айтқан болатын.

Тара Фарестің Instagram парақшасында 2,8 миллион адам жазылған. Ол еуропалық киімдегі суреттерін жариялап, қолында тату барын көрсеткен.

2018 жылы жазда Иранда 18 жастағы Маэдэ Ходжабри құштарлыққа толы биінің видеосын Желіге салғаны үшін қамауға алынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: