Жаңалықтар тізбегі
0

Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан полковниктің қызы сот алдына келді

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2018 20:45 sputniknews.kz
Малика Мұхитованың қорғаушысы көліктің жол апаты болған кездегі жылдамдығын анықтауды талап етуде.

Астанада Олжас Сүлейменовтің немересі, 27 жастағы Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апатына қатысты алғашқы сот отырысы өтті деп хабарлайды sputniknews.kz.

Ескендір Сүлейменов пен Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының қызы Малика Мұхитова 22 маусым күні Астанадағы көше қиылыстарының бірінде жол апатына ұшыраған болатын.

Астана қаласы Есіл ауданының екінші қалалық сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы отырыс басталғаннан кейін 29 жастағы Малика Мұхитоваға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы үшінші бөлігі (жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша айып тағылып отырғанын мәлімдеді.

Содан кейін қос тарап тыңдалды. Мұхитованың адвокаты Дмитрий Куряченко үш пункт бойынша: сот талқылауын кейінге қалдыруға, іс бойынша қосымша куәгерлерді шақыруға және Мұхитованың автокөлігінің жылдамдығын анықтау үшін қосымша сараптама жүргізуге өтініш берді.

Адвокаттың айтуынша, жүргізілген екі тексеріс мотоцикл жүргізушісі Ескендір Сүлейменовтің қозғалыс жылдамдығын ғана анықтаған.

"Сарапшылар автокөліктің жылдамдығын анықтамады, қыз жолды кесіп өткен уақыт анықталды, алайда оған жылдамдық режиміне қатысты айып тағылып отыр. Бұл оның заң бұзушылықтарының бірі саналады. Оқиғаның қисынына сүйене отырып, адамды жылдамдықты асырды деп айыптаудан бұрын, сол жылдамдықты анықтау керек екенін жақсы түсінемін. Ескендір Сүлейменовтің жылдамдығы сағатына 88 шақырымды құраған. Сарапшы осындай тұжырымға келді" — деді қорғаушы журналистерге.

Сонымен қатар, Дмитрий Куряченко айыпталушы тараптың зардап шеккен тарапқа материалдық шығынды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Дамир Сандинов Сүлейменовтар отбасы бейбіт келісімге келіп, шығынды өндіруге дайын ба, жоқ па деген сұраққа жауап бермеді. Сүлейменовтың қорғаушысы Ескендірдің туыстары басқа қалада тұратындықтан келесі кездесуді кейінге қалдыруға өтініш берді.

"Сот зардап шегушінің өкілі Сандинов Дамир Нұрахметұлының өтінішін қанағаттандырып, қылмыстық істі қарауды 17 қазан сағат 15.00-ге кейінге қалдырады", — деді судья Қанат Тобағалиұлы.

Айыпталушы Малика Мұхитова "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясында жұмыс істейтіні белгілі болды, тұрмыс құрмаған, бұрын сотталмаған.

27 жастағы Ескендір Сүлейменов автокөлікпен соқтығысқан кезде мотоциклмен келе жатқан. Оқиғадан кейін Астана қаласының ІІД бастығының орынбасары Санжар Әділов мотоцикл жүргізушісі жылдамдық режимін бұзбағанын хабарлады. Ескендір Сүлейменов Алматыда 25 маусым күні жерленді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: