Алматыда Олжас Сүлейменовтің немересін жерлеу рәсімі өтті
sn.kz
Жол апатынан ажал құшқан жігіттің туыстары оқиға куәгерлерінен көмек сұрайды.
Алматыда танымал қазақстандық жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 26 жастағы Ескендір Сүлейменовтің жерлеу рәсімі болды, деп хабарлайды Sputnik.
Жас жігіт Астанада мотоцикл айдап келе жатып, жол апатына ұшыраған.
Марқұмның туыстары Желіде мәлімет жариялап, оқиға куәгерлерінен фото және видеомен бөлісуді сұрады.
Елордалық ішкі істер департаменті Қазақстанның Қылмыстық Кодексі 345-бабы бойынша тергеуді бастап кеткен.
Ескендірдің жақындары апаттың куәгерлерінен +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81 нөмірлеріне хабарласуын өтінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript