Гималайда бір топ альпинист қаза тапты

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2018 15:35 Хабар 24
Топтың 2 мүшесі әлі табылмай жатыр.

Гималайда қар көшкіні жүріп, 7 альпинисті басып қалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың өлі денесін бірінші болып жергілікті тұрғындар кездестірген. Содан кейін құтқарушыларға хабарлаған. Алайда 4 непалдық гид пен 5 оңтүстіккореялық альпинистен тұрған топтың 2 мүшесі әлі табылмай жатыр.

Мамандар көшкін жүрген ауданға дереу тікұшақпен барғанмен ауа райының қолайсыздығынан қона алмай кері қайтуға мәжбүр болды.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жүріп жатыр. Құтқарушылардың айтуынша, бұл топтың лагері 3 жарым мың метр биіктікте болған.

Бірақ кенеттен қар борап, таудан көшкін жүрген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: