Жаңалықтар тізбегі
0

Бәліш пен ботқа әзірлеу: Баян Алагөзованың бір күндік өмірі қалай өтеді

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2018 18:47 Stan.kz
Баян күн сайын таңғы асқа міндетті түрде ботқа мен жұмыртқа жейтінін айтып өтті.

Танымал продюсер Баян Алагөзова желідегі оқырмандарына бір күндік өмірін көрсетті. Ол демалыс күні күйеуіне таңғы ас әзірлеген сәтін көрсетіп, одан кейін “аяқ киімге толы” үйін көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Баян күн сайын таңғы асқа міндетті түрде ботқа мен жұмыртқа жейтінін айтып өтті. Айтуынша, Тұрсынғали Алагөзов жұмыртқаны сүйіп жейді екен.

“Өте сирек жасаймын. Тек жексенбі күндері. Көбінесе таңғы асты сырттан ішеміз. Ал бүгін бәрін өзім жасадым. Күн сайын осылай тамақтанамыз. Тек Ажар дайындайтын, ал бүгін өзім әзірледім”, – деп мақтанды Алагөзова.

Бұдан өзге, Мақсатқызы қамыры айраннан жасалған бәліш әзірлеп, көпшілікті таңғалдырды.

“Менің бәліштерімді барлығы жақсы көреді. Кейбіреулер сүттен жасайды, бірақ ол ауыр боп кетеді. Айраннан жасалған жеңіл әрі дәмді. Отбасымда осы бәліштеріммен танымалмын. Мен жасасам, үлкен де, кіші де жеп қояды. Бірақ бұл жиі бола бермейді. Мүмкін жылына бір рет”, – деп күлді Баян.

Сондай-ақ, танымал продюсер аяқ киімге толы гардеробын көрсетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: