Жаңалықтар тізбегі
0

БҒМ студент жатақханалары жөнінде алғашқы келісімшарттарды әзірледі

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2018 22:48 ҚазАқпарат
Алдағы уақытта оқу орындары және әлеуетті инвесторлармен бірлесіп, жаңа жобаларға бастама жасау жұмыстарын жандандыру жоспарлануда.

ҚР Білім және ғылым министрлігінде студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыстың алғашқы келісімшарттары жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде жасалған келісімшартқа тараптар ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, бағдарламаның операторы - Қаржы орталығы және еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары қатысты.

Олардың қатарында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Қ.С. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Қазақстан инновациялық университеті, КАЗГЮУ университеті, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы бар.

«Келісімдердің нәтижесінде объектілерді салу және реконструкциялау арқылы Астана, Алматы және Семей қалаларының студенттері үшін жатақханаларда 4 мыңнан астам жаңа орын енгізіледі, олардың ішінде 2 810 жаңа орын келесі жылы енгізіледі деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Алдағы уақытта оқу орындары және әлеуетті инвесторлармен бірлесіп, жаңа жобаларға бастама жасау жұмыстарын жандандыру жоспарлануда. Басты мақсат - 2019 жылы жаңа 5 мың төсек-орын енгізу.

Сонымен бірге, іс-шара барысында бағдарлама операторы мен Қазақстандық ипотекалық ұйымы арасында Студент жастардың тұру жағдайларын жақсарту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы наурыз айындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа жариялаған үндеуінде «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» жөнінде айтылған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: