Ақтөбелік колледждер жетім балаларға тиесілі шәкіртақыны бермей келген
www.inform.kz
Бас Прокуратураның тапсырмасымен облыстық прокуратура білім саласындағы бюджеттің мақсатты игерілуін тексерді.
Ақтөбе облыстық прокуратурасы орта арнаулы білім беру мекемелерін тексерді. Нәтижесінде 14 миллион теңгеге жуық қаржының негізсіз жұмсалғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бас Прокуратураның тапсырмасымен облыстық прокуратура білім саласындағы бюджеттің мақсатты игерілуін тексерді. Орта арнаулы оқу орындарындағы мемлекеттік тапсырысты қараған прокурорлар бірнеше заңсыздықты анықтады.
«Қызмет көрсету құнын негізсіз көтеріп, оқымайтын студенттерге ақша аударылғаны анықталды. Сонымен қатар, жетім балаларға тиесілі арнайы шәкіртақы берілмей келген. Барлығы 49 студентке өздеріне тиесілі 4,3 миллион теңге шәкіртақы аударылды. Сонымен қатар, студенттер мәжбүрлі түрде жұмысшылар кәсіподағына мүше болып, ай сайын жарнасын төлеп отырған. Колледждерді тексерген соң бюджетке 13,9 миллион теңге қайтарылды. 50 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, техникалық, кәсіптік оқу орнының 4 лицензиясы уақытша тоқтатылды»,- деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript