Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда дәмхана иесін соққыға жыққан полиция қызметкерлері жұмыстан босатылды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2018 15:08 www.inform.kz
Полицияның майор шеніндегі 2 қызметкері «Сушняк» атты дәмханада отырған.

Атырау облысының Полиция департаментінің өкілдері әлеуметік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Видеода 2 адам, шамамен полиция қызметкерлері жиһаздарды талқандап, адамды соққыға жығып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнетүсірілімде расында да полиция қызметкерлері бейнеленген. Алайда олар қазір полиция қатарында емес. Оқиға Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында болған.

Полицияның майор шеніндегі 2 қызметкері «Сушняк» атты дәмханада отырған.

Дәмхана иесі олардан ішкен-жегендері үшін ақысын талап етіп келгенде жанжал туындаған. Оқиға полиция қызметкерлерінің жиһаздарды талқандап, дәмхана иесін соққыға жығумен аяқталған.

Ал дамханадағы тұтынылған тағамның ақысы сол бойы төленбеген. Осы оқиға түгелімен видеоға түсірілген.

«Аталған факті бойынша, полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізіп, қылмыстық іс қозғалды. Іс қарау үшін Құрманғазы аудандық сотына жіберілді. Сонымен қатар арнайы текеру шаралары да жүргізілді. Кәніләлер қатаң тәртіптік жауапқа тартылып, ішкі істер органдарынан шығарылды»,-деп хабарлады Атырау облыстық поллиция департаментінің баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: