Қоғам белсендісі: Мұғалімдер білім берудің орнына, көше тазалап, әктеп жүр
sn.kz
Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылының мұғалімдері күн суықта, сабақ уақытында көше әктеп жүрген көрінеді.
Танымал заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек мұғалімдерге көше тазалатып қойған басшылыққа ашуланды, деп жазады Sn.kz.
Оның айтуынша, Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылының мұғалімдері күн суықта, сабақ уақытында көше әктеп жүрген көрінеді.
«Сарыағаш ауданы «Жібек Жолы» ауылы Амангелді мектебінің мұғалімдері білім берудің орнына көше тазалап, қабырға әктеп жүр. Бүгін сенбі емес сенбілік жасайтындай. Мұғалімдерді малай қылуды қашан тоқтатамыз? Облыстық Білім басқармасының басшысы Сағындықов мырза, мұғалімдер неге жұмыс уақытында көше тазалап жүр? Мұғалімдерді қолжаулық қылуды қашан қоямыз? Болашақта үйлеріңе апарып іш киім жуғызып қоймаңдаршы!», – дейді Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетсек, жақында ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында мұғалімдерді қосымша жұмыстардан босатуды талап еткен болатын.
Сондай-ақ, 2019 жылы Қазақстанда «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатынын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript