Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс Төрағасы Жапонияның бұрынғы Премьер-министрімен кездесті

parlam.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2018 22:09 parlam.kz
Ясуо Фукуда мырза Қазақстандағы жастар саясатын ерекше қолдайтынын, олар ел дамуының іргетасы бола алатынын айтты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Астанада өтіп жатқан «Инвестиция - Жастарға!» халықаралық конференциясы аясында Халықтың қоныстануы және дамуы бойынша Азиялық қауымдастығының төрағасы, Жапонияның бұрынғы Премьер - министрі Ясуо Фукуда бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н. Нығматулин мәртебелі мейманға маңызды жиынға қатысып, мазмұнды баяндама жасағаны үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ осы конференцияда айтылған пікірлер, әзірленген ұсынымдар қатысушы елдердің алдағы бірлескен жұмысына серпін беретініне сенім білдірді.

Палата спикері атап өткендей, Қазақстан Парламенті Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумы жұмысына белсене қатысады. «Инвестиция - Жастарға» конференциясы осы бірлескен жұмыстың нәтижесі. Әңгіме барысында жастар мәселесіне айрықша назар аударылды.

Н. Нығматулиннің сөзінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрбір Жолдауында, әрбір маңызды бастамаларда ең алдымен, жастар мәселесіне басымдық береді. Бұл мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.

Өз кезегінде Ясуо Фукуда мырза Қазақстандағы жастар саясатын ерекше қолдайтынын, олар ел дамуының іргетасы бола алатынын айтты. Және біздің елімізде жастарды жан-жақты қолдаудың мүмкіндігі зор екенін алға тартып, осы салада ынтымақтастықты дамытуға деген ынта-ықыласын білдірді.

Одан әрі тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық байланысты нығайту жайын сөз етті.

Айта кетсек, биыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыттар ішінде Астана мен Токио бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп келеді.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, ядролық қарусыздану және таратпау, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану басқа да халықаралық өзекті мәселелер бойынша біздің елдеріміздің ұстанымы өте жақын.

Осы ретте Я. Фукуда Қазақстан Президентінің халықаралық бастамаларын ерекше бағалайтынын және біздің еліміздің жоғары даму деңгейіне жетуінде Мемлекет басшысының рөлі зор екеніне тоқталды.

Кездесу иелері барлық салада ықпалдастықты күшейту жолдарын талқылай келіп, ортақ мақсат жолында бірлесе атқарған жұмыстар біздің елдеріміздің өзара тиімді және көпқырлы әріптестігін тереңдететініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, осы конференция аясында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші төрағасының орынбасары Мирлан Бакиров, сонымен бірге, Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығарушы палатасы төрағасының орынбасары Борий Алиханов бастаған делегация өкілдерін қабылдап, елдер арасындағы қарым-қатынасты дамытудың өзекті мәселелерін ортаға салды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: