Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан президенттерімен кездесті

akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2018 19:32 akorda.kz
Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Сарыағашта Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордарның ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты аспектілер жөнінде пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: