Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 6 мыңнан аса кәсіпкер шот фактура жазу мүмкіндігінен қағылады

inform.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2018 16:40 inform.kz 
Департаменттің таратқан мəліметтеріне сəйкес, Алматыда 25 мың ҚҚС төлеушінің 19 мыңы ғана «Электронды шот фактура» жүйесінде тіркелген.

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты шот фактура жазу мүмкіндігінен қағылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салық заңнамасына енгізілген өзгертуге байланысты, 2019 жылдың 1 қаңтарынан барлық қосылған құн салығын төлейтін кәсіпкерлердің барлығы шот фактураларды электронды түрде тапсыруы керек болатын.

Департаменттің таратқан мəліметтеріне сəйкес, Алматыда 25 мың ҚҚС төлеушінің 19 мыңы ғана «Электронды шот фактура» жүйесінде тіркелген.

«6 мың кәсіпкер жүйеге тіркелуге асығыстық танытпай отыр. Жыл соңына дейін 45 жұмыс күні қалды. Тіркелу барынша жеңілдетілген. Салық төлеушілер салық органдарына келмей-ақ онлайн түрде тіркеле алады. Егер бұл рәсім жасалмаса, онда олар шот фактура жазу мүмкіндігінен айырылады», - деді қалалық МКД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының Медеу ауданындағы Мемлекеттік кірістер басқармасы аудандағы «желілік» бизнеске салықтық тіркеуге тұруға 10 күн мерзім берген болатын.

«Он күн ішінде құқықбұзушылықтарды өздігімен шешпеген жағдайда желілік компания өкілдеріне қатысты салықтық тексерулер жүргізіледі», - деп ескертті салық органы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: