Қазақстандықтардың жетпіс пайызы девальвация болады деген көңіл-күймен өмір сүріп жатыр

365info.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2018 15:35 365info.kz
Ұлттық банк дерегінше, қыркүйекте жылдық инфляция 6,1 пайыз болды.

Қазақстан xалқының 70 пайызы девальвация болуы мүмкін деген көңіл-күймен өмір сүріп жатыр. «Халық финанс» ивестициялық компаниясының бүгін жария болған макроэкономикалық есебінде осындай дерек келтірілді. Сарапшылар бұл теңге бағамының құбылмалылығы әсер етті деп есептейді. Бұл туралы zakon.kz, Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банк дерегінше, қыркүйекте жылдық инфляция 6,1 пайыз болды. Дегенмен, сарапшылар инфляция алдағы уақытта өседі,-дейді. Теңге құбылса, баға саясатын оңтайландыру қиындайды. Жыл соңына дейін оның деңгейі кем дегенде 7 пайызға жетеді.

Ендеше, девальвациялық тәуекелдердің де ауылы алыс емес, дейді сарапшылар.

Оған өткен айда жүргізілген әлеуметтік сауалнама қортындылары да дәлел. Ұлттық валюта құнсыздана ма деген сауалға сұралғандардың едәуір бөлігі «мүмкін» деп жауап қатқан.

Ұлттық валютаның ағымдағы тұрақсыздығы деңгейін қалыпқа келтіру Ұлттық банктің сауатты саясатына ғана байланысты.

Ал, бүгін доллар 5 теңгеге арзандады. Валюта айырбастау пункттерінде көк қағаз 363-361,5 теңгеден саудаланып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: