«7-20-25» бағдарламасымен ипотека алғандардың 60 пайызы айына 100 мың теңгеден кем төлейді

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2018 18:34 elorda.info
24 қазан күнгі жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасы бойынша бірде-бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар 44,5 млрд. теңге сомасына өтініш берген.

«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың басым көпшілігі айына 100 мың теңгеден кем төлейтін болып шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.

Мамандардың есебінше, заем алушылардың 60%-ы ай сайын 100 мың теңгеден кем сома төлейді. Бұл ретте «7-20-25» бағдарламасы бойынша заем алушылардың 6%-ы ғана ең жоғары соманы несиеге алған (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 20 млн. теңге, басқа аймақтарда 12 млн.). Заем алушылардың көпшілігі, ал бұл жалпы портфельдің 37%-ы, 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі сомада кредит рәсімдеген.

«Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағдарын толықтай растады. Алайда «7-20-25» ең алдымен мерзімділік, төлем қабілеттілік және қайтарым принциптеріне негізделген ипотека екендігін ұмытпауымыз керек. Ол банк алдында өзінің төлем қабілетін дәлелдеген, жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

24 қазан күнгі жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасы бойынша бірде-бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар 44,5 млрд. теңге сомасына өтініш берген. Банктер оның ішінен сомасы 30 млрд. теңге болатын 2513 өтінімді мақұлдаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: