Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық заңгер банктерден артық комиссияны қалай қайтаруға болатынын айтты

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2018 18:20 stan.kz
Банктер өз еркілерімен қайтармаған жағдайда комиссияны қайтару барысы сот арқылы шешіліп, алты айға дейін созылуы мүмкін.

Қазақстанда соңғы екі жылдан бері банктерден артық комиссияны қайтару мәселесі белсенді талқылануда. Алайда бұл сұраққа қатысты мәліметті ешкім толық жазып түсініктеме бермеген еді. Осыған орай алматылық заңгер өзінің инстаграм парақшасында банктерден артық комиссияны қайтарудың жолдарын толық айтып, істейтің әрекеттердің тізімін белгіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша 2016 жылға дейін артық комияссияны АТФ, Форте банк, Казкоммерцбанк, Еуразия банкі, Альянс Банк, Альфа Банк, Нурбанк, Банк Центр Кредит банктері қосып келген. Және қайтарылатын төлем құны бірнеше мыңнан үш миллион теңгеге дейін жетіп жатады.

Банктер өз еркілерімен қайтармаған жағдайда комиссияны қайтару барысы сот арқылы шешіліп, алты айға дейін созылуы мүмкін.

Сонымен қатар, заңгер арқылы құқығын қорғайтын азаматтар үшін комиссияны қайтару құны 25-200 мың теңге аралығында болғанымен, заңгердің айтуынша Қазақстанның кез келген азаматы мамансыз-ақ бұл төлемдерді қайтара алады.

Сол себепті ол өзінің парақшасында әр банкке қатысты ақпаратты және қайтару жолдарын нақты жазған және заңгерлердің қызметіне төлейтін қаражаты жоқ азаматтарды өз беттерінше арыз жазып, ақшаларын қайтаруға кеңес берді.

Егер сізде де банкте қалған артық комиссия құны болса, заңгердің парақшасына жазылып, кеңестер алсаңыз болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: