Әкімдер челленджі: Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысын барысқа теңеді

aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2018 21:04 aktobenews.kz
Жастарды дамыту орталығының басшысы Ерғазы Әзімханұлы облыс әкімінен Ақтөбені қандай жануарға теңейтінін сұрады.

Әкімдер челленджін бастаған Ерғазы Әзімханұлы Ақтөбе өңірінің әкімі Бердібек Сапарбаевқа да сұрақ қойды деп жазады aktobenews.kz.

Жастарды дамыту орталығының басшысы Ерғазы Әзімханұлы облыс әкімінен Ақтөбені қандай жануарға теңейтінін сұрады.

«Барысқа теңер едім. Ақтөбенің өзі, тұрған жері, жан-жағы, халқы барыс сияқты. Ақтөбеден қандай батыр тұлғалар шыққаны тарихтан белгілі», — деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, жас белсенді Димаш Құдайберген мен Ерке Есмахан екеуінің біреуін таңдауды сұрады.

«Екеуін де қолдаймын. Өйткені екеуі де қазақтың, Ақтөбенің атын шығарып жүр», — деді облыс әкімі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: