Бір түнде Алматы полициясына 105 жеткіншек жеткізілді
www.inform.kz
Хэллоуин түнінде тәртіп сақшылары 105 баланы бөлімшеге апарды.
Алматы полициясы Хэллоуин түні ата-анасының қарауынсыз жүрген 105 жасөспірімді бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалада оқушылардың күзгі демалысы кезінде «Демалыс» профилактикалық шарасы өтіп жатыр.
«Кеше жасөспірімдердің көп жүретін орындарында рейд жүргіздік. Тексеру барысында Хэллоуин түнінде ата-анасының қарауынсыз жүрген оқушылар іздестірілді. Рейд барысында көптеген ата-аналардың баласын қадағаламайтынына көз жеткіздік», - деді жергілікті полиция қызметінің жасөспірімдер полициясы басқармасының өкілі Лейла Әліпбаева.
Хэллоуин түнінде тәртіп сақшылары 105 баланы бөлімшеге апарды. Олардың 77-сі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған. Балаларды бейімдеу орталығына 8 бала жеткізілді.
«Түнгі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған балалардың көңіл көтеру орындарында ата-анасының немесе заңды өкілінсіз жүргені үшін 96 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 9 компьютер клубының иесіне қатысты іс әкімшілік сотқа бағытталды. Рейд барысында 2 жерде жасөспірімдерге алкогольді ішімдік пен темекі сатылғаны белгілі болды. Құқықбұзушылық жасаған 5 бала есепке алынды», - деді Лейла Әліпбаева.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript