Жаңалықтар тізбегі
0

Балалар Қытайда қалған ата-аналарын Қазақстанға қайтаруға көмек сұрайды

kaztrk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2018 18:03 kaztrk.kz
Қалтасы қағылған азаматтар заңсыз жолмен шекара кеспек болғаны үшін шағымдана да алмайды.

Бұл мәселе Сыртқы істер министрлігіне таныс. Мамандар олардың бірқатары туралы мәлімет жинап, ресми Бейжіңге дипломатиялық нота жолдаған деп жазады kaztrk.kz.

«Дегенмен, ол жағдай турасында ресми хабарласып жатқандар аз», - дейді. Сол себепті, ата-анасынан қанша жеткіншек ажырап қалғанын дәл айту қиын. Сондай-ақ, брифингте қазақстандық мигранттарды алдап, одан пайда табатын алаяқ компаниялардың көбейгені айтылды. Бұл шетелдерге жұмыс іздеп кету үрдісінің белең алғанына байланысты болып отыр.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы: - Олардың схемасы өте оңай. Мысалы, сізден 4000 доллар алды деп есептейік. Соның 300-ін виза алған жағдайда төленеді немесе құжат дайын болған жағдайда төленеді, я қайтарылмайды деп келісімшартқа жазып қояды екен. Бір айдан кейін қалған ақшаны қайтарып береді екен де, құжат жасалмайды деп, уақыт өткізіп жібереді.

Мұндай айлалы жолмен ақша табуға көбінесе өзіміздің компаниялар машықтанып алған екен. Ал, қалтасы қағылған азаматтар заңсыз жолмен шекара кеспек болғаны үшін шағымдана да алмайды.
Сырт асқандардың жайы бір басқа. Биыл Кореядағы қазақстандық мигранттар елімізге 100 млн. доллар көлемінде ақша аударған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: