Талдықорғанда 7 жастағы баланы ит талап өлтірді

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2018 21:23 www.24.kz
Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Талдықорғанда 7 жастағы баланы питбуль тұқымды екі ит талап өлтірді. Бұл жантүршігерлік оқиға Мерекелік саяжай аумағында болған деп жазады Хабар 24 арнасы.

Төбелестіруге арналған асылтұқымды иттер көшеден өтіп бара жатқан балаға тұтқиылдан тап берген.

Мойыны мен жамбас етінің жұлым-жұлымы шығып, басынан зақым алған оқушы дереу ауруханаға жеткізілді.

Алайда дәрігерлер оны өлім аузынан аман алып қала алмады. Бұл деректі Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растады.

Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Авторы: Ардақ Айбарұлы

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: