Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы теміржол саласы мен мұнай-газ кешені құрал-жабдықтарын шығаратын зауытқа барды

www.akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2018 20:56 www.akorda.kz
Елбасы тұрғын үй және инфрақұрылым нысандарын салу, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жұмыстарының нәтижелеріне де тоқталды.

Қазақстан Президенті Петропавл қаласына келген соң, темір жол автоматикасы, телемеханика, байланыс, қауіпсіздік жүйесі құрылғыларын және мұнай-газ кешені кәсіпорындарына арналған құрал-жабдықтар шығаруға маманданған зауытты аралап көрді. Бұл туралы zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақаловтың өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дамуы, индустриялық жобалардың іске асырылуы және жолдау аясындағы тапсырмалардың орындалуы жөніндегі есебін тыңдады.

Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімінің баяндамасынан кейін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының форумына әзірлік аясында аймақты дамыту бағдарламасының тиімді іске асырылып жатқанын атап өтті.

– Петропавл қаласын көркейту мақсатымен көп жұмыс атқарылды. Облыстың экономикалық көрсеткіштері қалыпты. Өсім қарқыны республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары, – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы облыстың аграрлық әлеуетіне тоқталып, бұл өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамыту қажеттігін айтты.

– Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісі көңіл көншітерліктей емес. Мен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі есе көтеру жөнінде міндет қойдым. Бұл сіздердің облыстарыңызға тікелей қатысты. Қайта өңдеу мен экспортты ілгерілету арқылы ғана өнімділікті арттыруға болады. Сіздер үшін жаңа тұтыну нарықтары ашылды, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы тұрғын үй және инфрақұрылым нысандарын салу, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жұмыстарының нәтижелеріне де тоқталды. Атап айтқанда, 2018 жылы өңірдің 6 мыңнан астам тұрғыны баспанамен қамтамасыз етіліп, 150 мыңнан астам жұмысшының жалақысы көтеріледі, сондай-ақ өңірлік маңызы бар жолдар жөндеуден өткізіледі.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев өңір жұршылығымен кездесті. Облыс тұрғындары әлеуметтік салаға қатысты бағдарламалар қабылдап, халыққа ұдайы қамқорлық көрсетіп келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: