Жаңалықтар тізбегі
0

Астанадағы мектепке «жарылғыш зат» қойған бала ұсталды

newizv.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2018 23:34 newizv.ru
Аталмыш іс бойынша бала кәмелет жасына толмағандықтан, оқушының қылмысы үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Астаналық полицейлер қала мектептерінің бірі жарылатынын хабарлаған оқушыны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, 14 қараша күні сағат 08:00 шамасында 102 нөміріне мектеп директоры хабарласып, белгісіз біреудің сағат 11:00-де мектептің жарылатыны туралы хабар бергенін жеткізген.

«Бірер минуттың ішінде оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аумақты қоршауға алып, оқушыларды, педагогтар мен персоналды сыртқа шығарды. Жалпы, жиыны 1800-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сағат 10:05 шамасында тексеру жұмыстары аяқталып, қоршау алынып тасталды. Тексеру барысында ешқандай қауіпті немесе тыйым салынған зат табылған жоқ. Жедел іздестіру жұмыстарының барысында кәмелет жасына толмаған 15 жастағы бала ұсталды. Ол бұзақылық пиғылмен мектептің жарылатыны туралы хабарлап, қоңырау шалған. Қазір терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталмыш іс бойынша бала кәмелет жасына толмағандықтан, оқушының қылмысы үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: