Жаңалықтар тізбегі
0

Мектеп оқушысымен жүрген астаналық жігіт 10 жылға сотталып кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2018 16:14 zakon.kz
Кәмелет жасына толмаған қызбен жүргені үшін жас жігіт 10 жылға сотталып кетті. Ал, баланың ата-анасы болған жағдайға сенбей отыр. Себебі, бойжеткеннің анасы құқық қорғау органдарына қызын зорлады деп шағымданған.

Тәртіп сақшылары мән-жайды түсіндірместен ұлын тергеуге алып қамап қойған. Бір қызығы, сот жабық есік жағдайында өтіп, бас аяғы бір айдың ішінде үкім кескен. Бұл туралы el24kz, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлының нақақтан-нақақ істі болғанына өзегі өртенген ананың шешім шыққалы жанары бір сәтке де құрғамапты. Өкініштен өзін қоярға жер таппаған Астана тұрғыны біздің арнаға шағымын жеткізді. Оның айтуынша, 19 жастағы ұлы “кәмелет жасына толмаған қызды зорлады” деген айыппен 10 жылға темір торға қамалған.

«Өкінішке қарай, істі қарағандар бізден жауап та алған жоқ. Бас-аяғы 20 күннің ішінде ұлымды осындай ұзақ мерзімге қамап отыр. Балам кінәсіз, оның жаланың құрбаны болғандығын дәлелдейтін айғақтарымыз жетерлік. Оны бойжеткеннің көршілері де растай алады» – дейді 10 жылға сотталған жігіттің анасы Самал Жанболатова.

Астанадағы «Өндірістік» шағын ауданының тұрғыны Дамир Жанболатов түрмеге қамалмастан бұрын 15 жастағы қызбен етене жақын араласыпты. Бойжеткенге ата-анасы тарапынан тиісті бақылау болмаған соң, ол да ащы суға жақын болған екен. Оны мына бейнежазбадан анық байқауға болады.

Сотталған жігіт те, кәмелетке толмаған қыз да қаладағы 13 орта мектепте білім алған. Екеуі де 9-сыныптан соң орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына ауысып кеткен. Ал, қыздың ұстаздары болса оның сабақ үлгерімі де, отбасылық жағдайы да нашар болғанын растап отыр.

“Петракова Екатерина менде 6 сыныптан бастап коррекциялық сыныпта тәлім алды. 9 классты бітірген соң басқа оқу орнына түсіп оқуын жалғастырып жатқан шығар. Ол тек қана анасымен тұрады. Әкесімен ажырасып кеткен анасы. Естуім бойынша кішкене қызығушылығы бар ішуге” – дейді №13 орта мектептің мұғалімі Қарлығаш Айтбозова.

Енді амалы қалмаған жігіттің ата-анасы кімге барып шағымданарын білмей отыр. Ауданаралық сотта қаралған іске бар-жоғы 4 отырыста үкім кесілген. Бір өкініштісі өз перзентіміздің сотына да қатыса алмадық, дейді әкесі.

«Біз бұл жағдайды мүлдем білген жоқпыз. Пока, судтан баламызды под арест алып кеткенше. Сразу сол күні білдік. Баламыз бізге ештеңе айтқан жоқ. Бір ауыз айтпады бізге. Осындай жағдай болып жатыр деп. Сот болған күні 19-ы күні секретарь звандайды, есімін білмеймін. Балаңыз уже под арест қамап қойдық дейді» – дейді 10 жылға сотталған жігіттің әкесі Нұрлан Унгаев.

Жанболатовтар отбасы ұлының ұсталғаны жөнінде мүлдем бейхабар болған. 16 күн уақытша ұстау изоляторында жатқан баласын ата-анасы шарқ ұрып іздеп, бірақ тапқан. Тіпті, жас жігіттің үстінен шағым түсірген әйел баласынан ақша да бопсалаған көрінеді.

“Менің ұлым, ол былай айтты. Сен менің қызыммен жатып жүрсің сол үшін 100 мың ақша бер деп, балам менде ақша жоқ деген. Бір аптадан кейін ішіп алып балама қайтадан келіп 50 мың сұраған. 100 мың бере алмасаң, ең құрымағанда, 50 мың бер деген” – дейді 10 жылға сотталған жігіттің анасы Самал Жанболатова.

Алайда, шағымданып алып артынан бармақ тістеп қалған бойжеткеннің анасын үйінен таба алмадық. Құлыптаулы есігін қанша қаққанымызбен ешкім ашпады. Дегенмен, телефонына хабарласқанымызда анасынан мынадай жауап алдық.

“Қарап тұрсам, баланың өміріне балта шаптық. Қазір ол 19-да болған күннің өзінде енді 10 жылдан кейін 29 жасқа келеді. Бүкіл өмірі қапаста өтетін болды. Шағымымды қайтарып алғым келген. Бірақ ала алмай жатырмын” – дейді шағым түсірген әйел Ольга Петракова.

Ащы суды асыра сілтейтінін, қызына дұрыс тәрбие бермегенін келіншектің көршілері де растап отыр. Күнде бөтелкелестерімен бас қосатын оның бұл қылығынан әбден мезі болған олар бірнеше рет учаскеліп полиция да шақырған. Нәтиже жоқ көрінеді.

«Мен бұл жердегі тұрғын үйлерге 4 жылдан бері қызмет көрсетіп келемін. Аталған әйел ащы суды көп сілтейді. Еш жерде жұмыс істемейді. Қызына дұрыс қарамайды. Ішіп алып қырғын шығарғанын талай рет көрдім. Учаскелік полицейдің ол әйелде мүлдем шаруасы жоқ. Оны ата-аналық құқығынан айыру керек» – дейді пәтер иелері кооперативінің төрағасы Александр Цветков.

Ал, отбасыға сот ісінде көмектесем деген адвокат бұл іс бойынша қандай да бір ақпар беруден бас тартты. Енді, қайғыдан құса болған отбасы барлық құжаттарды жинап жоғары инстанциялы органдарға шағым дайындап жатыр. Ол үшін Жанболатовтар отбасында 10 күндей ғана уақыт қалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: