Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада ТКШ және құрылыс көрмесі өтуде

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2018 21:14 Zakon.kz
Көрме тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру үшін инновациялық шешімдер, инженерлік желілерді жаңғырту үшін жаңа технологиялар, "жасыл" технологиялар көрсетіледі.

Астанада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және Қазақстанның құрылыс индустриясын дамытуға арналған "ТКШ-Құрылыс-ЭКСПО. SmartСity-2018" XI Халықаралық көрме-форумының бірінші күні өтті. Іс-шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің және "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ ресми қолдауымен "Fair Expo" және "Экспо-Сервис" көрме компаниялары ұйымдастырды.

Көрме тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру үшін инновациялық шешімдер, инженерлік желілерді жаңғырту үшін жаңа технологиялар, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу, жылу, су және газбен жабдықтау, лифт шаруашылығ, құрылыс технологиялары мен материалдары, жарықтандыру техникасы, электр жабдықтары, "жасыл" технологиялар көрсетіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2018 21:14

Отандық компаниялардан басқа, өз өнімдерін Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Түркия, Литва, Польша және Қытай кәсіпорындары ұсынды. Көрмемен қатар компаниялар энергиямен жабдықтау, ТКШ-ны автоматтандыру, ағынды суларды тазартудың әлемдік тәжірибесі, қазіргі заманғы гидрооқшаулағыш жүйелер және т.б. презентацияларын өткізеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2018 21:14

Ертең, көрме аясында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырған "қалалық экономикадағы "жасыл" ақылды технологиялардың қолжетімділігі" атты арнайы сайд-ивент өтеді. Іс-шараның басты тақырыбы – адамдардың қаладағы өмірін жеңілдететін және қоршаған ортаны сақтауға қабілетті "жасыл" ақылды технологиялардың қолжетімділігі. Іс-шараға әкімдіктердің, қалалық коммуналдық кәсіпорындардың, компанияның, бизнестің тұрғын үй қорының басқарушылары мен қызмет көрсетушілердің өкілдері, пәтерлер мен үй-жайлардың иелері, сарапшы-практиктер қатысады. "Энергияны тиімді басқарамыз - біз жайлылықта өмір сүреміз!" байқауында жеңімпаз атанған басқарушы компанияларды марапаттау күтіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2018 21:14

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: