Алматы облысының оқушыларына жол қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2018 16:23 Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Биыл Алматы облысында жол-көлік апатынан 300-ден аса адам ажал құшып, оның 94-і қозғалыс жылдамдығын асыру салдарынан көз жұмған.

Алматы облысының тәртіп сақшылары Жол-көлік апатының құрбандарын еске алудың Дүниежүзілік күніне орай Іле ауданындағы 48 мектеп қабырғасында балалар мен ата-аналардың жиналысын өткізіп, жол жүру ережесі мен оның маңыздылығы туралы айтып берді. Іс-шара шамамен 37 мыңнан астам баланы қамтыды. Жиналыс барысында қатысушыларға жол жүру ережесі жазылған ақпараттық материалдар таратылды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2018 16:23, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2018 16:23

«Жол қауіпсіздігі апталығы» аясында Байсерке ауылының №12 мектебінің оқушыларымен «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» атты флешмоб өткіздік. Сонымен қатар, Өтеген батыр кентінде №7, №13 және №38 мектеп-гимназияларындағы кадет сыныбының тәлім алушыларымен «Сіздің жолаушыңыз - бала» акциясын өткізіп, жол жүру кезінде балаларға ерекше назар аудару қажеттілігін түсіндірдік. Өзге мектептерде осы тақырыпта ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды», - деп атап өтті Іле ауданы Полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Геннадий Нечаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2018 16:23, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2018 16:23

Естеріңізге сала кетсек, полиция өкілдері таратқан ақпаратта биыл Алматы облысында жол-көлік апатынан 300-ден аса адам ажал құшып, оның 94-і қозғалыс жылдамдығын асыру салдарынан көз жұмғаны туралы жазғанбыз. Сондай-ақ, 77 жаяу жүргінші жол жүру ережесін сақтамаудың кесірінен қайтыс болса, оның 18-і кәмілетке толмаған жеткіншектер болған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2018 16:23

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: