Жаңалықтар тізбегі
0

Полицейлер жүргізушілерді жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2019 22:51 Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі
Биыл жаяу жүргіншілерге қатысты көлік апаты 40,7 % артып, соның салдарынан 33 адам көз жұмған.

Алматы облысының тәртіп сақшылары брифинг өткізіп, БАҚ өкілдеріне облыстағы жол қауіпсіздігі мен көлік апаттарының алдын алуға бағытталған шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол-көлік оқиғалары – қазіргі уақытта үлкен проблемаға айналып отыр. Өзінің және жолаушыларының қауіпсіздігін естен шығарғу салдарынан биыл 500 астам көлік апатын орын алып, 100 адам қайтыс болды. 767 адам түрлі дене жарақатын алған. Бүгін біз БАҚ арқылы жүргізіушілерді жолда мұқият болуға, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз,- деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Полиция өкілінің айтуынша, тәртіп сақшылары тарапынан жол қауіпсіздігіне қатысты түрлі шаралар, акциялар мен рейдтер ұйымдастырылғанымен, апаттық жағдайлардың алдын алу мүмкін болмай отыр.

Жол-көлік оқиғаларының басты себептерін саралап, ең негізгі себептерінің бірі - жылдамдық режимін сақтамау, қозғалыстың қарсы бағытына шығу, жаяу жүргіншілердің ереже бұзуы және т.б. екені анықталды.

"Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін сақтамауы – өз алдына бөлек мәселе. Биыл жаяу жүргіншілерге қатысты көлік апаты 40,7 % артып, соның салдарынан 33 адам көз жұмды. Биыл жол ережесінің талаптарын бұзған 3000 жуық жүргіншіге хаттама толтырылды",- деп атап өтті Н. Алмасбеков.

Айта кетейік, Алматы облысы аумағында "Жол қауіпсіздігі жедел алдын алу" іс-шарасы өткізілуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, авариялардың алдын алуға бағытталған іс-шара барысында полицейлер түрлі акциялар мен кездесулер өткізіп, патрульдеу қызметін күшейтті.

Сонымен қатар, 5-6 наурызда "Жолдағы қабылдау" республикалық акциясы барысында Алматы облысының автожолдарында полицейлер жүргізушілерді қабылдап, түрлі сұрақтарына жауап береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: