Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да орынсыз жиналыстар тым көбейіп кеткен

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2018 20:27 altaynews.kz
Құжат айналымы әлі де сол қағаз түрінде.

Өкінішке орай, Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы еліміз бойынша қарқынды іске асырылып жатса да біздің өңірдегі мемлекеттік мекемелердің дені сол баяғы қағазбастылықтан әлі де арыла алмай келеді, мәселе керісінше көбейе түскендей, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Онымен қоса соңғы кезде атқарушы билік органдарында орынды, орынсыз өткізілетін жиналыстар тым көбейіп кеткен. Бұл кемшіліктер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті ұйымдастырған арнайы рейд барысында анықталған.

– Еңбек заңнамасын бұзудың басым фактісі Өскемен, Семей қалалары, Бесқарағай, Аягөз аудандары әкімдерінің аппараттарында анықталып отыр. Тіпті, бір күнде жеті рет жиналыс өткені белгілі болды. Сонда қызметкерлер қай кезде жұмыс істейді. Құжат айналымы әлі де сол қағаз түрінде, көп мекемелерде басшылар материалдың түпнұсқасын қағазға шығарып алып, қарағанды жөн көреді. Бұл деген қағазға да, уақытқа да үлкен ысырап. Қағазбастылықтан арылатын, бірыңғай электронды жүйеге көшетін мезгіл әлдеқашан жетті дейді, – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы.

Жанна Қабдолдақызының айтуынша, ол басқаратын департаменттегі қағаз айналымы толықтай электронды жүйеге баяғыда көшіп кеткен. Сондықтан, облыстағы өзге мекемелер де департаменттен үлгі алып, бұл шаруаны ұзаққа созбағаны дұрыс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: