"Қазақстан темір жолы" басшылығына Сауат Мыңбаев келді
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы болып Сауат Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 20 қарашада, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқармасының жаңа төрағасы Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлын таныстырды.
Ахметжан Есімов Сауат Мыңбаевтың бұған дейінгі қызмет орнындағы жақсы нәтижелерін ерекше атап өтті.
Бұған дейін С. Мыңбаев қаржы құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда еңбек етті. Әртүрлі жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының қаржы министрі, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрі, Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі, Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі болды. 2013 жылдан бері "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқармасы төрағасы қызметін атқарды.