Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға құс етін жеткізетін үш кәсіпорынның өнімі жарамсыз болып шықты

mir24.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2018 17:59 mir24.tv
Қазіргі уақытта сауда нысандарынан қауіпті өнімді алып тастау, сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Ресей және Беларусь кәсіпорындары тамақ өнімдерінде гигиеналық нормативтер мен техникалық регламент талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде мына кәсіпорындардың Қазақстанға жеткізетін тамақ өнімдерінің сынамаларында гигиеналық нормативтер мен техникалық регламент талаптарының бұзылғанын анықтады:

1) "Магнитогорский птицеводческий комплекс "Бройлерное производство" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) - сорпа жиынтығының сынамаларында сальмонелла (Salmonella С тобы) текті бактериялар анықталды (балапан-бройлер етінен жасалған жартылай фабрикаттар);

2) "Смолевичи Бройлер" ААҚ (Беларусь Республикасы) - балапан-бройлер "Микс" құс етінен жасалған жартылай фабрикат сынамаларында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес емес: филе, сан, қанаты;

3) "СПК Курников" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) - "Натуральный" құс етінен жасалған туралған ет сынамаларының микробиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес еместігі анықталған.

Қазіргі уақытта сауда нысандарынан қауіпті өнімді алып тастау, сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданып жатыр.

"Бұл ретте комитет заңбұзушылықтардың туындау себептеріні анықтауға бағытталған бірқатар эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді. Дүкен сөрелерінен талапқа сай келмейтін өнімдер анықталса, жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04 нөмірі бойынша комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады", - делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: