Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Shopomania.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 23:02 Shopomania.kz
Еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын мен батыстан соққан күшті желдің беті қайтпайды.

Алдағы үш тәулікте ауа температурасының жоғарылайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Соған қарамастан көптеген облыста жауын-шашын мен бұлтты ауа райы сақталады. Сонымен қатар, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын мен батыстан соққан күшті желдің беті қайтпайды.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күндізгі температура плюс 5…15°С градусқа дейін, республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында 0…плюс 5°С градусқа дейін жылынады.

Тек батыс облыстарында температураның плюс 2…13° градустан 0…8° градус аязға дейін төмендеуі болжанады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: