Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда бруцеллез ауруы азаймай отыр

balashiha.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2018 22:34 balashiha.ru
Малмен күнкөріп отырған Қызылқоға ауданында соңғы бес жылда сарыпқа шалдыққан 2042 мүйізді ірі қара, 12 мың 876 қой- ешкі, 137 бас түйе жойылыпты.

Атырау облысында бруцеллезге шалдыққан төрт түлік мал азаймай отыр. Әсіресе, Қызылқоға ауданының Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында жазда жариялаған карантин әлі алынған жоқ. Бұл туралы zakon.kz, Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ал, Миялы ауылында мал етін тасымалдауға ішінара шектеу қойылған. Шенділер жағдайдың ушығуына ауру малды жасырып қалатын ауыл тұрғындарының өздерін кінәлайды.

Арман БАЖЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Көздіқара ауылына және Жасқайрат ауылында каринтин қой малдарына байланысты бұл жерде карантин белгіленді. Бірақ та әлі күнге дейін халыққа айтатынымыз олар алдын алу шараларын ұйымдастырмайды. Яғни, мал түсік тастаса, дер кезінде ветеринарларға айтпайды. Қолмен ұстау фактілері бар. Ауру малды жасырып қалу өздеріне сойып жеп алу немесе басқа ауылдарға қосу сияқты фактілері кездеседі.

Малмен күнкөріп отырған Қызылқоға ауданында соңғы бес жылда сарыпқа шалдыққан 2042 мүйізді ірі қара, 12 мың 876 қой- ешкі, 137 бас түйе жойылыпты. Ауру жұқтырған 94 адам осы дерттен емделген. Биыл 14 адам бруцеллез жұқтырған. Аудан әкімі қора-қопсыны залалсыздандыру жыл сайын жүргізілсе де, дерттен арыла алмай отырғандарын айтты.

Б. Нәдірқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: