Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында полицейлердің бөлімшелерінде азаматтарды қабылдау офистері жұмысын бастады

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2018 21:02 www.zakon.kz
Тәртіп сақшыларының заман талабына сай енгізген бірегей жобасы халықтың полицияға деген сенімін арттырып, жақындата түспек.

Алматы облысындағы барлық полиция бөлімшелерінде азаматтарды қабылдау фронт-офистері өз жұмысын бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство таратқан ақпарға сәйкес, өтініш берушілерге, ақпарат алушыларға, жалпы алғанда полиция қызметіне жүгінгісі келген кез-келген тұлғамен тікелей қарым қатынас орнатуға мүмкіндік берген фронт-офистер барлық аудандар мен қалалардағы полиция бөліністерінде іске қосылған.

«Фронт-офис қызметі ең алдымен ашықтылық, қолжетімділік қағидаты бойынша ашылып отыр. Бұл жерде қатаң өткізу режимі, торланған терезелер мен есіктер болмайды. Келушілерге арнап жасалған заманауи жағдайлар мен қызметкерлердің ыстық ықыласы халықты бей-жай қалдырмайтыны анық»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Фронт-офис жұмысы – халық пен тәртіп сақшылары арасындағы көпір болмақ. Яғни, халық қажетті ақпаратты алып, құқық қорғау органының қызметіне қатысты кез-келген мәселе бойынша кеңес сұрай алады.
Бүгінгі күні облыстық департаментті қоса алғанда, полицияның 20 фронт-офисі қызмет етуде.

Тәртіп сақшыларының заман талабына сай енгізген бірегей жобасы халықтың полицияға деген сенімін арттырып, жақындата түспек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2018 21:02

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: