Өскеменнің аязында 10 адамды үсік шалған

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2018 23:13 altaynews.kz
Көк мұзда тайып жығылғандардың көбі егде тартқан кісілер.

Үскірік аяз бен көктайғақ. Өскемендегі №1 аурухананың жарақат бөліміне 200-дей адам келіп түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дәрігерлер берген ақпаратқа сүйенсек, 23 қарашадан бері 178 адам келген. Көк мұзда тайып жығылғандардың көбі егде тартқан кісілер.

Ал аязды күндері үсіп қалған адамдардың саны – 10. Төртеуі амбулаториялық ем қабылдаса, алтауы емханаға жатқызылды. Сол алтаудың жартысы мекенжайы жоқ азаматтар екендігін айта кетейік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: