Алматыда қатты аяздан 11 науқасты үсік шалған
Сурет: pixabay
Алматыда қатты аяз салдарынан 200-ден астам адам ауруханаға түскен. Басым бөлігі көктайғақтан құлап жарақат алғандар, бір адам көз жұмды, деп жазады Zakon.kz.
Биылғы қытымыр қыс алматылықтар үшін күтпеген жайт болды. Бірнеше күн қатарынан қалың қар жауып, біраз әбігерге түстік десек те болады. Қатты аяз күндері түрлі жарақаттармен 200-ден астам адам ауруханаға түскен. Оның ішінде 11 науқасты үсік шалған, деп жазады qazaqstan.tv.
Сондай-ақ қолайсыз ауа райының салдарынан бір тәулікте 160-қа жуық жол-көлік апаты тіркеліп, 30-ға жуық жолаушы түрлі жарақаттар алған.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталаған. Мұндай суық 54 жыл бұрын болған екен, қаңтардағы аяздың ызғары қатты болды. Қазір күн райы -10 градусты көрсетіп тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript