СҚО-да өртенген мешіт ішіндегі Құран кітабы жанбай қалған

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2018 15:03 stan.kz
Тұрғындар мешітті жөндеуден өткізуге кәсіпкерлер қол ұшын берсе деп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында өртеген мешіттегі Құран кітабы жанбай қалды деп жазады stan.kz.

10 желтоқсан күні Мамлют аудандық мешітінде өрт шыққан. Мешіттегі өрт 100 шаршы аумақты шарпыды. Мешіттің ағаш қабырғалар мен мешіттің төбесі жанып кетті.

Өрттен көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жалынды 16 адам мен 3 техникалық құрал өшірді.

Бір қызығы жалын шарпыған мешіт ішінде діни кітаптар мен Құран кітабы өртенбеген. Бұл туралы Самат Сапаралының facebook парақшасында жазды.

Мешіт қалпына келуге жарамсыз. Тұрғындар мешітті жөндеуден өткізуге кәсіпкерлер қол ұшын берсе деп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: