Жаңалықтар тізбегі
0

Білім беру гранттарының тағайындалуы және ҰБТ-2019 бойынша басты жаңалықтар

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2018 16:13 24.kz
Қаңтар, наурыз айларында өтетін тестілеуді талапкер ҰБТ өткізілетін өзіне ыңғайлы кез-келген пунктіде тапсыра алады.

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту шеңберінде 2019 жылдан бастап мемлекеттік білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатын болады. Сондай-ақ, мамандарды даярлау бағыттарының жаңа сыныптауышы (классификатор) енгізіліп отыр. Бұл туралы zakon.kz, ҚР БҒМ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі күнге дейін еліміздің жоғары оқу орындарында мамандықтардың тізімі нақты көрсетілген сыныптауыш пайдаланылған болатын. Ендігі кезекте 2019 жылдан бастап білім берудің даярлау бағыттарының жаңа сыныптауышы енгізілетін болады. Жаңа сыныптауышта мамандықтардың нақты тізімі емес, мамандарды даярлау бағыты көрсетілетін болады. Сәйкесінше, еліміздің жоғары оқу орындары дербес білім беру бағдарламаларын жасап алады.

Осыған орай, мемлекеттік білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатын болады.

Мәселен, «Математика пәні мұғалімдерін даярлау» тобына «Математика», қосарланған «Математика-Физика», «Математика-Информатика» мамандықтары кіреді. Ал, «Ақпараттық технологиялар» тобына - «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» және тағы басқалары. Яғни, білім беру гранттарының тағайындалуы бұрынғыдай мамандықтар бойынша емес, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылатын болады. Грант ұтып алған соң оқуға түсуші (талапкер) ЖОО-ға таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша тіркеліп, ЖОО-ға құжаттарын тапсыру кезінде таңдап алған мамандығы бойынша білім алатын болады.

2019 жылғы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалатындығын атап өткен жөн. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді. Биылғы жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізілетін болады – қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айлары.

Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін тестілеуді тапсыру арқылы оқуға түсуші ЖОО-ның тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсуі үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез-келгеніне қатысып, шекті балл жинауы жеткілікті.

Қаңтар, наурыз айларында өтетін тестілеуді талапкер ҰБТ өткізілетін өзіне ыңғайлы кез-келген пунктіде тапсыра алады. Тек тестілеуге қатысу үшін ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беру қажет.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2018 16:13, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2018 16:13

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: