Еліміздің бірнеше қаласында пәтер бағасы арзандаған

today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2018 17:03 today.kz
Сарапшылардың пайымдауынша, елімізде тұрғын үй салуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік түріндегі мемлекеттік қолдаудың тиімділігі артуда.

Қазақстанда жаңа пәтер нарығындағы баға саясаты тұрақтаған. Жыл басынан бері Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлердің шаршы метрінің бағасы орташа есеппен 5% қымбаттап, 266 мың теңгеге жеткен. Бұл туралы Baq.kz, Ranking порталына сілтеме жасап хабарлады.

Еліміздің кейбір қалаларында жаңа пәтерлер бағасының төмендегені байқалған.

Ақтау қаласында баға 4,2% төмендеген, Көкшетауда – 4,5%, Павлодар мен Петропавлда – 24% дейін түскен. Бұл жайтты мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған ауқымды құрылыспен түсіндіруге болады.

Сарапшылардың пайымдауынша, елімізде тұрғын үй салуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік түріндегі мемлекеттік қолдаудың тиімділігі артуда.

2017 жылдың қазаны мен 2018 жылдың қазаны аралығында тұрғын үй алу жөніндегі банктік заем мөлшері 17,2% өскен (184,6 млрд теңге), оның үстіне ипотекалық нарықтың жоғары активтендірілуі Қазақстанның барлық өңірінде байқалған.


zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: