Тараздағы газ өңдеу зауытында жарылыс болды
sputniknews.kz
Өртті оннан астам адам жарты сағатта сөндірді, екі жігіт күйіп қалып, ауруханаға жатқызылған.
"Амангелді ГӨЗ" ЖШС-нің Тараз филиалында пешті қосқан кезде газ жарылып, екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлады sputniknews.kz, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"02:27 кезінде П-1 (мұнайды қыздыру пеші — Sputnik) пешін қосқан кезде, мұржадағы газ және ауа қоспасы жарылып, мұнай қалдықтары өртеніп кеткен. Өрт он минутта ауыздықталып, жарты сағатта толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан 31 және 23 жастағы екі жұмысшы зардап шекті", — деп мәлімет берді ТЖ жөніндегі комитет.
Өрт сөндіруге ТЖД-нің 7 қызметкері мен мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен алты адам қатысқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript