БЖЗҚ салымшыларға қағаз почтадан сандық хабарламаларға ауысу жолдарын айтты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының берген мәліметіне сәйкес , салымшылардың бір жарым миллионнан астамы поштадан келетін хабарламаны пайдаланады. Бұл әдіс бірқатар шектеулерге ие. Мысалы, адам мекенжайын өзгертсе, БЖЗҚ-ға өтініш беріп, тұрғылықты жері туралы хабарлау қажет. Олай болмаған жағдайда, жіберілген конверт қорға қайтарылады және зейнетақы жинақтары туралы қосымша ақпаратты бұрынғы мекенжай бойынша салымшыға жіберу тоқтатылады. Дегенмен, зейнетақы жинақтары туралы деректер алудың бірнеше жеңіл және басқа тәсілдері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, салымшылардың басым бөлігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшартты бірнеше жыл бұрын жасаған, сондықтан осы уақыт ішінде тұрғындардың мекенжайлары өзгергені анық. Дегенмен, бүгінгі күні қызметті пайдаланушылардың барлығы қорға өзгерістер туралы хабарлама бермеген. Сонымен қатар, хаттар бұрынғы тұрғылықты жеріне жеткізілуін жалғастыруда. Мысалы 2018 жылдың қаңтарында хабарлама хаттарының 8% -ы БЖЗҚ-ға қайтарылды.
Бүгінгі күні БЖЗҚ өзінің салымшылары мен алушыларына аталған пошталарға қосымша жинақталған зейнетақы қаражатын тексерудің бірнеше тәсілдерін ұсынады: Қорды жеке келіп көру, электронды пошта, enpf.kz сайтындағы жеке шот немесе мобильді қосымша. Электрондық әдістердің артықшылығы мол, мысалы: жинақтар туралы хабарлама алу үшін жылдың басын күтудің қажеті жоқ (дәл осы кезде пошталық жөнелтілімдер жасалады), кез-келген уақытта ақпарат қолжетімді. Ғаламтор арқылы (электрондық пошта және enpf.kz сайты) жинақтар жайында ақпарат алып тұруды шамамен 6 миллионға жуық адам таңдаған.
Интернет арқылы хабарламаларды қосу өте оңай: Сізге БЖЗҚ-ға хабарласу керек немесе enpf.kz порталы арқылы «Электрондық қызметтер» бөлімінде, электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар жағдайда қосылуға болады.
Ақпараттандырудың осы түрін таңдап, жеке зейнетақы шотынан анықтаманы enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріп қана емес, сондай-ақ, екі толыққанды тілдік нұсқасын - қазақ және орыс тілдерін қолдайтын смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
Сондай-ақ, жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы ақпаратты электронды үкіметтің веб-сайтындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» - «БЖЗҚ зейнеткерлік шотынан үзінді» бөлімінде ала аласыз. Қазір ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Алдағы уақытта, «БЖЗҚ салымшысының зейнетақымен қамсыздандыру мәртебесі туралы ақпараттарды беру»( оның ішінде инвестициялық кірістерді ескеріп) мемлекеттік қызметіне ие болу үшін біржолғы пароль жеткілікті болады. ол азаматтардың ұялы базасында тіркелген ұялы нөміріне sms-хабарламасынан алуға болады. Құпия сөзді «Ұялы телефондар базасында» тіркелген ұялы нөмірге sms-хабарламасын жіберу арқылы алуға болады.