Жаңалықтар тізбегі
0

Балабақшадағы орындарды заңсыз таратқан білім бөлімінің басшысы жазаланды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2019 18:33 www.inform.kz
Білім бөлімінің ұйғарымымен балабақшадағы кезегі бұзылған 8 балаға жолдама берілді.

Рудный қаласының прокуратурасы балабақшада орын бөлу тәртібін сақтамау және оларды заңсыз бөлу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша, мектепке дейінгі мекемелерге, көру және сөйлеу кемістігі бар балаларға арналған мамандандырылған топтарға заңсыз келген 16 бала балабақшадан шығарылып, кезек тәртібі қалпына келтірілді», - делінген қала прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Білім бөлімінің ұйғарымымен балабақшадағы кезегі бұзылған 8 балаға жолдама берілді. Нәтижесінде осындай заңсыз әрекеттері үшін Рудный қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы жазаланды.

Ол «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның нормаларына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ведомствода мәлім еткендей, балаларды балабақшаға кезекке қою және қабылдау үшін өтінішті электронды түрде беруге болады.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: