Астанада журналист келіншекті ұрып өлтірген күдіктіге қатысты сот басталды

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2019 16:49 stan.kz
Айыпталушы орнында марқұмның азаматтық некедегі жұбайы Анатолий Гусейнов.

34 жастағы азамат кінәсін жартылай мойындап отыр. Айтуынша, әйелін өлтіру ойында болмаған екен. Тек, қызғаныштың кесірінен ұрмақ болыпты деп хабарлайды zakon.kz, «КТК» арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Бірақ, басына тиген ауыр соққыдан Ирина Бекетова үйінің ауласында көз жұмған. Қылмыс 3 жарым ай бұрын болған еді. Республикалық сайттың тілшісі, 37 жастағы марқұмның артында төрт баласы қалды.

Оның екеуі Анатолий мен Иринаның ортақ балалары. Айыпталушының туыстары үш жылдай азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыптылардың үнемі жанжалдасып калатынын айтып отыр.

Александра, Айыпталушының әпкесі: -Інім қол көтерсе, үйден қуып шық деп Иринаға талай ескерттім. Бірақ, мені тыңдамай Анатолийдің қорлығына төзіп келді. Жақсы көрді ма немесе оны аяған шығар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: