Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайлық ғалымдар айдың бетіне алғашқы өсімдік тұқымын септі

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 21:33 inform.kz
Қытай 2030 жылға дейін осы салада Ресей мен АҚШ-ты озып, әлемнің негізгі ғарыш державасына айналуды мақсат етіп отыр.

Айдың арғы бетіне қонған Қытайдың "Чанъэ-4" зонды Ай бетінде алғаш рет биологиялық тәжірибе жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ай бетінде биологиялық сынақ жүргізу үшін мақта, рапс, картоп, ақшешек, ашытқы тұқымы және жеміс шыбынының жұмыртқасы үлгі ретінде таңдап алынды. Агенттік жариялаған суреттерден Ай бетінде өсімдік тұқымдары көктеп жатқанын көруге болады. Соңғы жіберілген суреттерден байқайтынымыз, күшті сәуле мен температура айырмашылығына қарамастан мақта өскіні жақсы өсіп келеді. Бұл Ай бетінде өсіп шыққан алғашқы өсімдік тұқымы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 21:33

Ғалымдар биологиялық үлгілердің жай-күйін бақылауды жалғастыруда. Синьхуа агенттігі "бұл Айдың бетіндегі алғашқы биологиялық тәжірибе" деп атап өтті. Айта кетсек, желтоқсан айында Қытай "Чанье-4" зондын ұшырып, 3 қаңтарда ол Ай бетіне сәтті қонды. Қытай 2030 жылға дейін осы салада Ресей мен АҚШ-ты озып, әлемнің негізгі ғарыш державасына айналуды мақсат етіп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: